Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Электронды қызметтің тиімділігі қандай?

Опубликовано:

Электронды Үкімет бағдарламасы бүгінгі таңда қай салада болса да өзінің оң нәтижелерін бере бастады. Алайда, электронды жүйенің қызмет көрсету тетіктерін жете түсіне бермейтін ауыл тұрғындары, қарапайым азаматтар әлі де құзырлы органдардың есігін тоздырып, ұзын-сонар кезекте жүр.

Зейнетке шығуға үмітті азамат қажетті құжаттарды электронды жүйе арқылы жіберу мүмкіндігі барын білмейді немесе үй құжаттарына қатысты көп түсініспеушіліктер орын алып жатады.

Тіпті кейде қарапайым ауылдың халқы ғана емес сауатты, заңгерлер де электронды порталдармен электронды құжаттарды жолдауға ерінеді. Міне, осындай олқылықтарды жою үшін мемлекеттік саясат осы жолда белсенді түрде қызмет атқаруда. Электронды жүйенің тиімді тұстарын насихаттап, қарапайым халықты өз уақыт үнемдеп үйренуге үндеуде. Халыққа көмек көрсету орталықтары орнатылған электрондық үкімет порталы туралы тұрғындардың электрондық цифрлық таңба алуы кеңінен насихаттала бастады. Мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы атқаруға болатынын түсінетін кез келді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында да бұл мәселенің өзектілігін баса айтқан болатын. «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Осы мақсат жолында барлық құқық қорғау жүйесі, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын артыру қажет»,-деген еді.

Жолдауды орындау мақсатында сот жүйесінде көптеген өзгерістер мен бетбұрыстар орын алды, қыруар шаруа атқарылды. Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық – талдау жүйесі бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр, соның ішінде қағазбастылықты қысқарту мақсатында көптеген игі істер атқарылуда. Бүгінде республика аумағында «Сот кабинетін» пайдаланбайтын мемлекеттік мекеме кемде кем. Электрондық бақылау өндірісі сияқты жобалар іске асырылуда. Дегенмен, бұл сала әлі де болса түсіндіру жұмыстарын қажет етеді. Шалғай аумақтар насихаттық-ағартушылық жұмыстарды күтуде. Бұл қызметті бүкіл дамыған елдер көріп отырғанын көріп жүр. Біздің де осы жолдағы ізденістер алдағы уақытта жақсы нәтижесін беретініне сенейік. Өйткені технология заңдылығы, күнделікті қажеттілік бізді осы қызметті меңгеруге мәжбүрлеуде.

Жаңа ғасыр біздің тұрмыс-тіршілігімізге жаңа технологиялар қолданысын енгізді. Қазіргі кезде бүкіл сала электронды қызметке жүгінудің ауадай қажеттігін, жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар, олардың өкілдері ҚР Жоғарғы Сотының ресми сайтында орналасқан «Сот кабинеті» сервисіндегі құжат түрлері бойынша сотқа электронды түрде арыздар жолдай алады. Ол үшін азаматтар электронды цифрлік қолтаңба алып, «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі қажет. Кейін олар осы сервис арқылы сотқа электронды түрде хаттама көшірмесін беру туралы, сот отырысының хаттамасына ескерту және басқада жүгінулерін жолдай алады. «Электронды үкімет» - елімізге ашықтық пен құзырлы органдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта сот саласы халыққа тиімді тұстарды жетілдіре береді.

Г. Мұхаметжанова,

Панфилов аудандық сотының бас маманы,

Алматы облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1565951-elektrondy-qyzmettinh-tiimdiligi-qan/

pixel