RU

Ірі бизнесменнің үйіне шабуыл жасап, төрт млн теңге ұрлаған Шу тұрғыны қолға түсті

Алматы облысында топ болып қарақшылық шабуыл жасаған Шу қаласының тұрғыны "Іздеу" операциясы аясында табылды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының жиырма алты жастағы тұрғынын Райымбек ауданы ІІБ қызметкерлері ұстады. Ұсталған ер адам қамауда отыр.

2016 жылы қазанда күдікті бір топ адаммен бірігіп, Нарынқол ауылындағы кәсіпкердің отбасына қарулы шабуыл жасаған. Үйден зергерлік бұйымдар, оқ ататын қару және 4 миллион теңге тоналыпты.

Тағы  оқыңыздар: Шетелдік азаматты ойыншық тапаншамен қорқытқан атыраулық жігіттер дауға қалды

Полиция атап өткендей, күдіктінің сыбайластары ізін суытпай табылып, жауапкершілікке тартылған.

Ұсталған азаматқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі, 291-бабы 3-бөлігі бойынша жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566068-iri-biznesmenninh-uyine-shabuyl-zhasap-t.html