RU

Мысырда жоғалып кеткен студенттің әкесі: Оларды форма киген адамдар келіп, алып кеткен

Мысырда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық студент Қанат Беріктің әкесі Ардақ Исабеков онымен 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні байланысқа шыққан деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Соңғы рет біз онымен WhatsApp арқылы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні таңғы 4-те сөйлестік. Ол маған ертең жұмысы көп екенін айтты, 24 күні оларға сабақ басталуы керек еді. Маған кешке хабарласамын деп хабарсыз кетті", - дейді Қанат Беріктің әкесі Ардақ Исабеков.

Қанаттың әкесінің айтуынша, курсқа олар өз еріктерімен кеткен.

«Олар кеткен соң, үш күннен кейін емтихандарын жақсы тапсырып, сабақтарының басталуын күтіп жүрді", - дейді Қанаттың әкесі.

Ардақ Исабековтің сөзінше, қазақстандықтар тұрып жатақхананың кезекшісі оларды форма киген адамдардың алып кеткенін көрген.

Тағы оқыңыздар: Жамалиевті 13 жылға бостандығынан айырған судья оның ісі неге қайта қаралғанын айтты

«Бізге елшіліктің мәлімдеуінше, жатақхана кезекшісі қазақстандық студенттерді бір жігіт іздеп келгенін айтыпты. Іздеп келген жігіт студенттермен алдын-ала келісіп қойған екен. Алайда олар сол уақытта жатақханада болмаған.

Кейін жатақхана кезекшісі оған дейін қазақстандықтарды форма киген адамдар келіп, алып кеткенін айтқан. Бізге тек осы ақпарат қана белгілі", - дейді Қанат Беріктің әкесі.

Сондай-ақ Қанаттың ағасы інісінің діни ағымдарға еріп кеткені жайлы болжамды жоққа шығарып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Негізінде олар намаз оқиды, бірақ фанатизмдері жоқ. Каирге кетпес бұрын Қанатпен Skype арқылы сөйлескенмін. Ол да осындайдан қауіптенетін. Бұл елдегі қақтығыстардың ұшы тиіп кетпесін деп.

Өйткені ол елдегі еш тарапқа жақтас болмаған. Қазақстан ұстанған позицияда болды, ешқайда бас сұқпайтын, ешқандай діни афераларға. 100 пайызға сенімдімін және Еламан Жазылхан туралы айтарым да сол", - дейді жоғалып кеткен жігіттің ағасы Айбол Исабек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566264-mysyrda-zhoghalyp-ketken-qazaqtynh-aghas.html