RU

Алматыда 16 жастағы қызбен бірге тау ішінде қашып жүрген жігіт қайтыс болды

Facebook желісінде ерікті Ислам Угушев 16 жастағы спортшы қыз Анастасия Смирновамен бірге қашқан Назар есімді жігіттің таудан құлап, қаза болғанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл мәліметті Республикалық жедел құтқару жасағының өкілдері растаған.

Айта кетейік, 16 жастағы жасөспірім қыздың жоғалып кеткені жайлы ақпарат кеше, 24 шілдеде белгілі болған. Сол күні қызды іздеуге еріктілер қосылған еді. Кейін олар қыздың Назармен тауда екенін анықтаған.

Еріктілер Назар мен Анастасияны тауып алғаннан кейін, жастар қашып кетпекші болады. Бір уақытта Назар қызды төменге итеріп жіберіп, өзі қашуын әрі қарай жалғастырған. Ал қыз бала құлаған кезде басымен соғылып, түрлі жарақаттар алып ауруханаға жеткізілген.

18 жастағы жігітті қашып кеткен соң тағы іздей бастаған. Іздеуді түнде тоқтатып, таңертең қайта жалғастырған. Ал таңғы 8:24-те оның мәйіті таудан табылып отыр.

Ислам Угушевтің сөзінше, жас  жігіт таудан өздігінен түспекші болғанда құлап, қаза болған.

Тағы оқыңыздар: Отандық миллионер қоластындағы жалқау футболшыларды қатаң сынға алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566314-almaty-tauynda-16-zhastaghy-qyzben-birge-q.html