RU

ОКҚ-де «2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы» туралы брифинг өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Іс-шараға спикер ретінде Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков, Елена Максюта және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов қатысты.

А.Қыдырбаева брифингті аша келе, Ұлт Жоспары шеңберінде көзделген сот реформаларының сәтті іске асырылғанын атап өтті. Соттар үш деңгейлі сот төрелігіне көшті, судья лауазымына кандидаттар мен жұмыс істеп жүрген судьяларға талап айтарлықтай қатаңдатылды. Статистикалық талдаулар көрсеткендей, өткізілген реформалар сот жұмысына оң әсерін тигізді. Жаңа құқықтық жағдайдағы олардың қызметі неғұрлым тиімді бола түсті.

А.Қыдырбаева конституциялық түзетулерді іске асыруда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгертулер енгізілді. Осыған сәйкес судьялыққа кандидаттардың жасы 30-ға дейін ұлғайтылды. Судьялық лауазымға арналған конкурсқа қатысушылардың жалпы отырыстың қорытындысын алу тәртібі нақтыланды. Сот жюриі шығаратын шешімдерге қатысты өзгерістер енгізілді.

Жоғары сот органы Азаматтық процестік кодекске Астана қалалық соты мен Жоғарғы Соттың арасындағы инвестициялық даулардың соттылығын кеңейтуді көздейтін түзетулерді енгізуге бастамашы болды. Апелляциялық сатыдағы инвестициялық дауларды қараудың мерзімі бір айдан екі айға дейін ұлғайтылды. Прокурорлардың азаматтық процеске қатысуы айтарлықтай қысқартылды.

Ағымдағы жылы кешенді өзгеріске әкелетін қылмыстық сот ісін жүргізу мен қылмыстық қудалау органдарының жүйесін жетілдіру көзделіп отыр.

«Жалпы жаңа жағдайдағы соттардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар, процеске қатысушылар мен тұрғындар оң бағалады», - деді А.Қыдырбаева.

Мәселен, Демократия институтының деректеріне сәйкес, соңғы 6 жылда Жоғарғы Сотқа сенім деңгейі 67,6 %-дан 75,4 %-ға дейін артқан. Жалпы бұл көрсеткіштер 2015 жылы БҰҰДБ жүргізген (сенім – зерттеу 71,4%) нәтижелеріне сәйкес келеді.

Сот жюриі де жаңа жағдайда қызмет атқаруда. Ағымдағы жылы 140 судьяның кәсіби қызметі бағаланды. Осы жылы Сот төрелігі академиясының алғашқы түлектері бітіріп шықты. 53 түлек құқық магистрі дәрежесіне ие болды.

Ол сонымен қатар инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің қорытындыларына тоқталды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Жоғарғы Сотқа және Астана қалалық сотына бірінші сатыдағы сот тәртібі ретінде инвестициялық даулар бойынша барлығы 68, соның ішінде Жоғарғы Сотқа – 2 талап арыз келіп түсті. Шешімін шығара отырып 20 іс қаралды, соның ішінде оның алтауы инвестордың пайдасына шешілді.

Жоғарғы Сот судьясы Ербол Рахымбеков қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы туралы айтты. Оның айтуынша есеге республика соттарына келіп түскен қылмыстық істердің саны 8,5 %-ға артқан. Қазіргі таңда даулар жедел түрде шешілуде, оған дәлел 6 айдан аспайтын уақытта қаралған істердің саны 1,7 есеге қысқартылған. Ақтау үкімдерінің саны 10,5 %-ға (436-дан 487 адамға) артты. Алқабилердің қатысуымен өтетін істердің саны 21,9 %-ға артты.

Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта азаматтық даулар бойынша соттардың жұмысы туралы айтты. Бірінші жартыжылдықта республика соттарында барлығы 409 мың азаматтық істі қарау аяқталды. Жеңілдетілген іс жүргізу институты іске қосылды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен 255 мыңнан астам іс қаралды, ол аяқталған азаматтық істердің жалпы санының 62,5 %-ын құрайды. 3 мыңнан астам іс бітімгершілік келісіммен, 13,9 мың іс медиациямен, 283 іс партисипативтік рәсімді пайдалана отырып аяқталды. Барлығы баламалы тәртіппен 17 мың дау шешілді. Алдын ала сот отырысы барысында 9,5 мың іс қаралды, ол аяқталған істердің жалпы санының 2,3%-ын құрайды.

Департамент басшысы Нұрсерік Шәріпов брифингті республика соттарындағы негізгі электронды сервистер туралы баяндамасымен жалғастырды. Мәселен, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде 521 473 құжат берілді. Жалпы берілген өтініштердің саны екі миллионнан асты. Жартыжылдықта электрондық түрде барлық берілген өтініштердің үлес саны 89,8%-ды құрады. Барлық 1 418 сот залы АБТ жүйесімен жабдықталды. 2017 жылдың 6 айында сот отырыстарының 98% АБТ жүйесін пайдалана отырып өткізілді.

Н.Шәріпов 2017 жылдың тамызында Сот органдарының ахуалдық орталығы іске қосылады. Бұл кез келген іс бойынша процестік іс-әрекеттерді өтінішті тіркегеннен бастап атқару парағын жолдағанға дейін орталықтан бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Жергілікті соттардың ғимараттарын салу жұмысына еркеше көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен 4 типтік сот ғимаратының құрылысы басталды. Бұл Қарағанды облыстық соты, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Жамбыл облысы аудандық соттар ғимараттары.

Брифинг барысында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566511-okq-de-2017-zhyldynh-birinshi-zhartyzhyldyghy.html