RU

ОҚО тұрғыны өз үйінен "динозаврдың" қаңқасын тауып алды (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны өз үйінің астынан белгісіз жануардың қаңқасын тауып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Портал редакциясына хабарласқан Бародар Абдуғафаровтың айтуынша, ол өз үйіне күрделі жөндеу жасап, сантехникалық құбыр жүргізбекші болған. Ескі үйдің ағаш еденін ашқанда осы жануардың қаңқасы шыққан.

Тағы оқыңыздар: Із-түзсіз жоғалып кеткен алты қазақстандық Мысырда тұтқындалды

"Мен осы үйде туғанымнан тұрып келемін. Ата-анам бұл баспананы осыдан 50 жыл бұрын тұрғызған. Еденіміз ағаш болатын. Үйге күрделі жөндеу жасап, сантехника жүргізбекші едім. Ойда жоқта осы қаңқаны таптым", - дейді ол.

Бародар Абдугафаров бұл қаңқаны динозаврға тиесілі деп қалжыңдайды.

Қаңқаны тапқан тұрғын оны енді қайда апарып көрсетерін білмей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566582-oqo-turghyny-oz-uyinen-dinozavrdinh-qanh.html