RU

Қызылордада жол қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы рейд жүрді

Қызылордада 2017 жылғы 22-23 шілде күндері қала әкімдігі және қалалық жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті қалалық бөлімдер мамандарының, ҚІІБ ЖПҚ ЖППБ-ның жеке құрамының қатысуымен жол қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы рейд жұмыстары жүргізілді.

Рейд жұмыстарының мақсаты ҚР ІІМ-нің 28.01.2016 жылғы №10 санды бұйрығымен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульдік-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығына» сәйкес жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау, үйлену тойларында ұйымдастырылатын «КОРТЕДЖ» авто-көліктерінің қатысуымен орталық көшелерде кептеліс жасап және орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жұмыстарды үйлестіру болды.

Аталған рейд нәтижесімен төмендегі азаматтарға қатысты хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде жүргізілгендігі қала әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынды.

Аталған рейд жұмыстары кемшіліктер жойылғанға дейін жалғасын табатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566643-qyzylordada-zhol-qauipsizdigin-saqta.html