RU

Димаштың туған жерін көруге келетін туристерден әлі күнге дейін хабар жоқ

EXPO-2017 көрмесі аясында Ақтөбеге Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері келеді деп жоспарланған болатын. Қалада дайындық жұмыстары жүргізіліп, 2 мың адамның келетіні айтылды. Бірақ, қытайлық туристер туралы мүлде хабар жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе Қытайдан келетін туристерді әлі күтіп отыр. Бұған дейін 2 мың қытайлық келеді деп хабарлаған Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасы туристерден «әлі хабар жоқ» екенін айтып отыр.

Ал туристік компания Димаш Құдайбергеннің туған жері мен білім ордасын көруге келетін қытайлық жанкүйерлерге арнайы маршрут әзірлеп қойды.

Тағы оқыңыздар: Қаршадай қыз теріс ағымдағы әкесінің бар шындығын жайып салды

«Туристік маршрутты дайындап, қытайлықтарды қабылдауға әзір отырмыз. Бірақ олардан хабар жоқ. Алдымен шілде айында деді, кейін тамыз айында деп айтты. Анығын ешкім білмейді», — деді ол туристік компания директоры Ботагөз Крамбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566792-dimashtynh-tughan-zherin-koruge-keletin-t.html