RU

Таразда алты келілік алып сәби дүниеге келді

Таразда алып сәби дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 256 грамм болса, бойы 67 сантиметр. Ол қарапайым баладан шамамен екі есе үлкен деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Ал осындай бөбекті өмірге әкелу 29 жастағы Алена Премушконың үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

"Әлбетте, өте қуаныштымын. Босанар алдында УЗИ аппаратына тексерілгенде сәбидің салмағы 4 келі 200 грам деген болатын. Соның өзіне қиналып қаламын ба деп босанудан қорқып жүргенмін. Ал, босанғасын қызымның салмағы 6 келі 300 грамға жуық дегенде есімнен танып қала жаздадым",-дейді алып бөбектің анасы.

Тағы оқыңыздар: Димаштың туған жерін көруге келетін туристерден әлі күнге дейін хабар жоқ

Бұл – Аленаның үшінші перзенті. Үлкен қызы 11 жаста болса, одан кейінгі ұлы 9 жасар. Ал соңғысын тура тоғыз жылдан кейін дәл бүгін таңғы 4-тер шамасында босанды. Келіншектің алдыңғы ұл-қызының туғандағы салмағы 4 келіден аспаса, ең кенжесіне келгенде өзіндік рекорд жасады.

"Осыдан 7 жыл бұрын 6 келі 500 грамдық сәби босанған әйел болған. Ол көп босанушы әйел болатын. Бірақ ол кезде операция кесір тілігімен босанған. Ал, бұл жерде өзі табиғи жолмен, асқынусыз босанды",-дейді акушер-гинеколог Эльвира Атабаева.

Ал, алып қыздың әкесі қазір Қырғызстанда іссапарда жүргендіктен, сәбиді әлі көрмеген екен. Қазір нәресте де, анасы да өздерін жақсы сезінуде. Енді үш күнде бұйырса үйлеріне жіберіледі. Айта кетейік, бұл Жамбыл облысы бойынша ауыр салмақта туылған бірінші бөбек емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1566840-tarazda-qarapayym-baladan-eki-ese-ulk.html