RU

Алматыда 16 жастағы қызбен қашып, қаза болған жігітке қатысты жаңа дерек шықты

16 жастағы қызбен қашып кетіп, Алматы тауында қаза болған жігітке туысына пышақ жарақатын келтірді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

"Аталған тұлғаға туыстарының біріне пышақ жарақатын келтірді деген күдік келтіріліп отыр. Ол қылмыс 23 шілдеде түнгі сағат екілерде Алматының Медеу ауданында орын алды. Нәтижесінде бірталай ақшаны ұрлап кеткен", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер қазіргі уақытта барлық деректерді салыстырып жатыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін

Еске сала кетейік, 16 жастағы жасөспірім қыздың жоғалып кеткені жайлы ақпарат 24 шілдеде белгілі болған. Сол күні қызды іздеуге еріктілер қосылған еді. Кейін олар қыздың марқұм Назармен тауда екенін анықтаған.

Еріктілер Назар мен Анастасияны тауып алғаннан кейін, жастар қашып кетпекші болады. Бір уақытта Назар қызды төменге итеріп жіберіп, өзі қашуын әрі қарай жалғастырған. Ал қыз бала құлаған кезде басымен соғылып, түрлі жарақаттар алып ауруханаға жеткізілген.

18 жастағы жігітті қашып кеткен соң тағы іздей бастаған. Іздеуді түнде тоқтатып, таңертең қайта жалғастырған. Ал 25 шілдеде таңғы 8:24-те оның мәйіті таудан табылды.

Ерікті Ислам Угушевтің сөзінше, жас  жігіт таудан өздігінен түспекші болғанда құлап, қаза болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567011-almatyda-16-zhastaghy-qyzben-qashyp-qaza-b.html