RU

Түрік депутаты: Оқушыларға математикадан бұрын жиһадты оқыту керек

Түрік парламентінің депутаты Ахмет Хамди жиһадты оқып білудің ерекше маңызы туралы мәлімдеді. Оның сөзін шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.

Саясаткердің сөзіне қарағанда, жиһадты түсінбеген оқушыға математиканы оқытудың дым да пайдасы жоқ көрінеді.

"Жиһад - исламның басты элементі. Біздің министрлік өте дұрыс шешім қабылдады. Намаз - исламның діңгегі болса, жиһад - оның шатыры" деді депутат.

Тағы оқыңыздар: Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін

Бұдан бұрын түрік үкіметі оқушыларға жиһадтың шын мәнін түсіндіруді енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

"Мақсатымыз - теріс түсіндірілген нәрсені дұрыс түсіндіру. Осы себепті ислам құқығы және дін негіздері туралы дәрістермен бірге жиһад та оқытылмақ.

Нағыз жиһад — Отаныңа деген сүйіспеншілік", - деген еді Білім министрі Исмет Йылмаз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567023-turik-deputaty-oqushylargha-matematik.html