RU

Нұршығыстан нұршашу: Күлкіге қалған ШҚО шенеуніктері концерт атауын өзгертіп тастады

Елордада шілде айының 21-25 аралығында өтіп жатқан ШҚО күндері бұған дейін көпшіліктің сынына іліккен болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Дәлірек айтқанда, алтайлықтар «ЭКСПО» көрмесі аясында өткізіліп жатқан айтулы шараға «НұрШығыстан НұрӘлемге Нұршашу» деген атау ұсынып, ел тұрғындарынан сөз естіген еді.

Осыған орай, NUR.KZ тілшісі шараны ұйымдастырушыларды тілге тартып, аталған мәселеге қатысты пікірін біліп қайтты.

«Көргендеріңіздей бұрынғы атаудан бас тартып, концертке «Шырайлы Шығыстан атағы асқақ Астанаға» деген атау бердік. Идея негізінен концерт режиссерлерінікі болған еді. Көпшіліктің бұл атауға қарсы болған көрмедік, тек фейсбук парақшасындағы жазбалар ғана болмаса»,-деп жауап берді шараны ұйымдастырушылар.

Тағы оқыңыздар: Із-түзсіз жоғалып кеткен алты қазақстандық Мысырда тұтқындалды

Сондай-ақ, олар «мұндай атауда тұрған ештеңе жоқ екенін, шығыс халқының тіпті, аталмыш атауға қарсы емес екендігін» атап өтті. «Біз елордадағы ШҚО күндерінің атауын өзгелерден ерекше етіп қоюға тырыстық. Шығыстықтар мұндай атауға қарсы болған жоқ, елордалықтар тарапынан неліктен түсініспеушілік орын алғанын түсінбейміз. Негізі бұл атау өз мақсатына жетті, Астанадағы ШҚО күндерін жақсылап жарнамалап берді»,-деп қысқа қайырды өңір шенділері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567038-nurshyghystan-nurshashu-kulkige-qalghan-sh.html