RU

Дайындыққа ақшасы жетпеген Қанат Исламның қарсыласы футболка сатып кетті

Канадалық боксшы Брэндон Кук 9 қыркүйекте Астанада Қанат Исламмен болатын жекпе-жекке дайындық аясында ақылы жаттығуларын төлеу үшін футболка сатып жүр деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің 9 қыркүйектегі жекпе-жегіме төрт түрлі футболка тігіледі. Оны сатыудан түскен қаржы жекпе-жек алдындағы дайындық ақысын өтеуге жұмсалады. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Ерлер футболкасының құны 25 АҚШ доллары болады, ал әйелдердікі 20 доллар", - дейді Кук.

Мұның алдында Кук бокспен айналысу үшін он жыл бойы есік пен терезе орнатып келгенін айтқан. Қазір боксшы ол жұмыстан шығып кеткен және өз еркінші дайындала алады.

Тағы оқыңыздар: Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін

Еске салайық, Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді. Канадалық боксшы соңғы рет биыл қаңтарда отандасы Стиваен Батлермен жұдырықтасып, оны тізе бүктірген.

Сарапшы маман Джек МакКаферридің айтуынша, Кук Қанат Ислам үшін өте қауіпті екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567051-qanat-islamnynh-qarsylasy-zhekpe-zhek-al.html