RU

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен сүйікті тоқалдарын зәулім сарайдан шығарып тастады (фото)

Атышулы бизнесмен Тоқтар Төлешовтің төрт әйелі далада қалды. Отбасын асыраушы азамат түрмеге тоғытылған соң, оның заңды жұбайы мен тоқалдарының да жағдайы нашарлап кеткен.

Бұл туралы Время газеті хабарлайды.

Бизнесменнің адвокаты Мархаба Жақыпова Төлешовтер отбасындағы өзгерістер туралы айтып берді.

Төлешовтің төрт әйелінен жалпы есебі 21 баласы бар. Бизнесмен тұтқындалғанға дейін аста-төк өмір сүрген олардың жағдайы бүгінде нашарлап кеткен сыңайлы. Өйткені, Төлешовтің Шымкенттегі зәулім сарайы мен қымбат мүліктері мемлекет қарамағына өтті. Бизнесменнің алып вилласының қоршаулары құлатылып, ондағы заңды жұбайы мен балалары да шығарылды.

"Шымкентсыра" зауытында "жұмыс істеген" Төлешовтің төрт әйелі миллиондаған жалақы алып отырғаны белгілі. Олигархтың заңды әйелі Оразкүл Жорабаева зауытта стратегиялық жоспарлау ісі бойынша бас директордың орынбасары қызметін атқарған.

Тағы оқыңыздар: Әртіс таңдауы: Шоу-бизнесте кімнің жұбайы әдемі?

"Сыра патшасының" бірінші тоқалы Нәзия Есенбаева ақпаратты қорғау бойынша бас директордың орынбасары ретінде тіркелген. Нәзия Төлешовке 9 бала туып берген. Адвокаттың айтуынша, бүгінде ол балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға күнелтіп жатқан көрінеді.

Төлешов төрт әйелі мен балаларын асырауға, олардың элиталық ортада өмір сүріп, зәулім сарайларда өмір сүруіне мүлде ақша аямаған. Тіпті, оның сүйікті қыздарының бірі Севиль қалаға арнайы ротаның қарауылдауымен шығып, ханшайымдар секілді өмір сүрген еді.

Ал олигархтың кіші екі тоқалы - Сәуле Сауқымбекова мен Дина Нұрәлиева бүгінде алимент алу үшін сотқа арыз түсірген. Сауқымбекова мен Нұрәлиева да бұрын зауыттағы орынбасарлардың "қызметін атқарған".

Тағы оқыңыздар: Алматыда "фигурасын" бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр (фото)

Төлешовтің тоқалдарының ішіндегі ең атақтысы - Дина Нұрәлиева. 2005 жылы "Қазақстан аруы" атанып, әлемдегі үздік 16 сұлудың қатарына енген ол Төлешовке бір ұл, бір қыз сыйлады.  Қазіргі таңда Дина "Дархан Group" ЖШС-ға қарасты пәтерде тұрып жатыр. Динаға күйеуі сыйға тартқан Porsche Cayenne көлігі де мемлекет қарамағына өткен.

Ал Сауқымбекова зәулім сарайынан қуылған соң балаларымен бірге пәтер жалдап тұруда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567074-toqtar-toleshovtinh-ayeli-men-suyikti-t.html