RU

Шымкентте 10 жасар қыз салмағының аздығынан жүре алмай қалды (фото)

Шымкенттік 10 жасар Лаура Сағатоваға көмек қажет. Қыз баланың диагнозы өте ауыр. Анасы дәрі-дәрмектің күшімен қызының өмірін әупірімдеп сақтап отыр деп хабарлайды Отырар арнасы.

Әйелдің мемлекеттен алатын 54 мың теңге жәрдемақысы пәтерақы мен қызына беретін дәріден артылмауда. Дәрінің қымбаттауынан соңғы уақытта қажет дегендерін алуға мүмкіндігі болмай қалады деген Айнагұл Елтаеваның жағдайына көршілері де көз жұма қарай алмай отыр. Осыған орай қайырымды жандардан көмектесуін сұрауда.

Тағы оқыңыздар: Тоқтар Төлешовтің әйелі мен сүйікті тоқалдарын зәулім сарайдан шығарып тастады (фото)

Лаураның бес жасқа дейін денсаулығында кінарат болмаған. Өзге балалар секілді балабақшаға барып, анасына қолғанат болған. Кенет, аяқ астынан дәрмені құрып, халі нашарлай бастайды. Диагнозын таппаған анасының бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Соңғы диагноз Ташкентте қойылған. Содан ДЦП, анорексия, неврологиялық кеселге ұшыраған бүлдіршін бес жылдан бері бала сияқты ойнай да, далаға да шыға алмайды. Соңғы уақытта зәр шығаруы да қиындап кетіпті.

"Қызымның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің өзі біледі. Аптасына кемінде екі рет ауруханадан бір-ақ шығамыз. Қазір катартмен барып, зәр шығарады. Қашан жазыламын деп жылайды", - дейді Лаураның анасы Айнагүл Елтаева.

Лаураға айына 22 мың теңгелік екі дәруменді ана өз қалтасынан сатып алады екен. Кейде ақшасы пәтерақы мен тамаққа жетпей қалады дейді анасы. Ал баспанаға тұрған кезегі баяу жылжуда. Баспана мүгедектерге бірінші кезекте беріледі дегенді естіп, тиісті мекемеге барғанымен көңілі су сепкендей басылып қайтқан. Ол жақта да кезек.

Күйеуім тірі болғанда ешкіммен көмек сұрап, алақан жаймас едім деген әйелді жақында пәтерден шығарғалы жатыр. Енді науқас қызымен қайда баратынын білмей дал.

"Қазір шық деп жатыр. Баспана керек. Кеше дәріге 40 мың теңге таппады. Ауруханаға қызы көп түседі. Көмек сұрап жылайды, - дейді көршісі Карима Хайдарбекова.

Тағы оқыңыздар: Алматыда "фигурасын" бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр (фото)

Қамқорлыққа мұқтаж жанға қолдау көрсеткісі келетіндер Отырар арнасының редакциясына хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567153-qyzy-auyr-dertke-shaldyqqan-zhalghyzbas.html