RU

Бүтіндей бір қаланың халқы әкімге дауыс беріп жатыр

NUR.KZ порталында "Халық Дауысы" көлемді онлайн дауыс беру жобасы жалғасуда. Аталған жобаға ел тұрғындары белсенді түрде атсалысып жатыр. Осыған орай, дауыс беру кезіндегі кейбір мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

Рейтинг бөлімінде 360 000 рет дауыс берілген.

Бір адамға 53 мың адам өз даусын берген. Бұл Қапшағай қаласы тұрғындарының санынан көп.

"Ең белсенді әкім" номинациясының көшін Ақтөбе облысының әкімі - Бердібек Сапарбаев бастап тұр. Көшбасшылар тізіміне алғаш рет Қарағанды облысының әкімі - Ерлан Қошанов кірді.

Алматы қаласы бұрынғыдай қала номинациясы бойынша үздіктер көшінде, ал  Шымкент -"Ең жайлы қала"  номинациясында екінші орынды иеленді.

Басқа номинациялар үздігін көріп, дауыс бергіңіз келсе сайттағы "Халық Дауысы" жобасына кіріңіз.

"Халық Дауысы" көлемді жобасына қатысып, өз ойыңызды бүкпесіз айтыңыз! Жобалар мен қалаларды немесе резонансты пікірлерді бағалаңыз. Шенеуніктерді "ҚОЛДАП" немесе "ҚАРСЫ" дауыс беріңіз!

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567179-butindey-bir-qalanynh-khalqy-akimge-dau.html