RU

ОҚО-да соғыс ардагеріне сыйға берілген жер теліміне белгісіз біреу коттедж салып алған

ОҚО Төлеби ауданының тұрғыны Курванали Тойчиев соғыс жылдары Берлинге дейін жетіп, туған жеріне оралған. Қартайған шағында қарт үшін қайта соғыс басталғандай. Тек осы жолы жауы сырттан келмеген - тоқсаннан асқан қарияға туған ауданында жерін тартып алған адамдармен күресуге тура келіп тұр деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Курванали ақсақалға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді 2000-шы жылдардың басында Жеңіс мерекесіне орай сыйға тартқан. Заңды сыйлаған қария ол жерге ешқандай құрылыс жүргізбей, жаңғақ егіпті. Кейінірек ол жерге жеміс ағаштарын отырғызған. Жеміс бағы жайқалып өсіп, жақсы өнім беріп жүріпті.

Бірнеше ай бұрын Курванали ақсақал ауырып қалып, жерді баптап-күтуге шамасы болмаған. Қарияның ауырып жатқан кезінде белгісіз біреулер ондағы жеміс ағаштарын кесіп, 37 сотық жерге екі қабатты үй тұрғызып тастапты.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте 10 жасар қыз салмағының аздығынан жүре алмай қалды (фото)

«Менің қаным басыма шапты! Ол жерге құрылыс жүргізуге болмайды ғой, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер. Қандай жақсы бағым болып еді, қанша тер төгіп едім. Ағаштарды тамырымен жұлып тастапты. Абдуллаев деген біреу ол жерді өзінікі деп отыр», - дейді қария.

Оның соңы үлкен дауға ұласты. Ағаштарды кесіп, үй тұрғызған адам ардагерге бірнеше мәрте келіп, үйді сүзіп тастайтынын айтқан. Алайда уәдесінде тұрмапты. Дау-жанжалмен жүргенде салынған үйді ол басқа біреулерге сатып үлгерген.

Төлеби аудандық әкімдігі бұл мәселені білетін болып шықты. Бірақ ардагердің жері басқа адамға қалай берілгенін түсіндіре алмады. Ресми жауап беруден қашқан әкімдік  ол істің сотта шешіліп кеткенін себеп етіп отыр.

Әкімдіктің қалайша жекеменшік жерге қол сұққаны белгісіз болып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567234-oqo-da-soghys-ardagerinen-zhenhis-kunine.html