RU

Ләйлә Сұлтанқызы өзгенің отбасын бұзған Ақботаға қолдау білдірді (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы Ақбота Сейітмағамбетке қолдау білдіріп, оған елдің не ойлайтынына құлақ аспауға кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл сенің өмірің, еш уақытта кімнің не ойлайтынын ойлама!", - деп жазған әншіге Сұлтанқызы.

Нәзік жандылардың бақыты туралы бағдарламаның жүргізушісінен мұндай қолдау күтпеген желі қолданушылары оның бұл пікірін қатаң сынға алды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда "фигурасын" бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр (фото)

Дәуреннің бірінші әйеліне жаны ашыған қыз-келіншектер тележүргізушіге оның бірінші әйелін неге ойламайсыз деп өкпеледі.

"Жұлдыздардың бәріне не болып кеткен", "Басқа басқа "Әйел бақытын" жүргізіп, әйелдердің мұңын тыңдап отырған сізден мұны күтпеген едік", - деп жазды олар.

Еске салсақ, "Кешью" тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет үш баланың әкесі, актер Дәурен  Айдарқұловпен "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінен соң отбасын құрды. Бүгінде олардың ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567330-layla-sultanqyzy-ozgeninh-otbasyn-buz.html