RU

Әділбек Жақсыбеков туған күнін Мәсімовпен бірге өткізіп жатыр (фото)

Бүгін - Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің туған күні. Саясаткер 63 жасқа толды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Жақсыбеков өз туған күнін ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге өткізгенді жөн көрген. Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев саясаткерлерді жүгіріп жүрген кезінде жолықтырып, Facebook-ке сурет жүктеді.

Сондай-ақ суретте Қазақстан даму банкінің басшысы Болат Жәмішев пен Жақсыбековтің ұлы Дәурен бар.

Тағы оқыңыздар: Есімдерін Назарбаевтың өзі қойған ағайынды үшем ЭКСПО-да жұлдыз болды (фото)

Әділбек Жақсыбеков 1954 жылы 16 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданының Бүрлі ауылында дүниеге келді.

Әр жылдары ол Астана қаласының әкімі, индустрия және сауда министрі, қорғаныс министрі, Қазақстанның Ресей федерациясындағы елшісі, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

2016 жылы 21 маусымда ол Қазақстан республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жақында Қазақстан президенті Жақсыбековтің өкілеттілігін 2022 жылға дейін ұзартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567382-adilbek-zhaqsybekov-tughan-kunin-masim.html