RU

Бизнесменге тұрмысқа шыққан Дана Нұржігіт құдалық рәсімін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Жуырда ғана екінші рет тұрмысқа шыққан танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт күйеуінің қарапайым азамат екенін жазған болатын. Сенімді дереккөздердің айтуынша Дананың жұбайы Мұрат кәсіпкер азамат. Жас жұбайлар күні кеше құдалық рәсімін дүркіретіп өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жас жұбайлардың неке қию салтанаты тамыз айының басына белгіленген. Олар жақында ғана құдаласу рәсімін өткізген.

"Ең үлкен өкінішім көп баламның болмағаны", - деп қазақ қыздарына ертерек тұрмысқа шығуға кеңес берген Дана шырайлы Шымкентке келін болды.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы өзгенің отбасын бұзған Ақботаға қолдау білдірді (фото)

Дананың өз бақытын тапқанына әріптестері мен көрермендер ерекше қуанып, оларға бақыт тілеп жатты.

 Тележүргізушінің бірінші күйеуі Еуразия Медиафорумының экс-бас продюсері Рерих Владимир Ахмадьянұлы. Рерихтың әкесі қарашай, анасы неміс ұлтынан. Ахмадьянұлының Данаға дейінгі алғашқы некесінен бір қызы, Дана екеуінің Әлім есімді ұлдары бар.

Тағы оқыңыздар: Әділбек Жақсыбеков туған күнін Мәсімовпен бірге өткізіп жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567472-kasipkerge-turmysqa-shyqqan-dana-nurzh.html