RU

Бейтаныс жас жұбайлармен суретке түскен Сағынтаев елді сүйсіндірді (фото)

Еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына ресми сапары кезінде Астана күніне орай ашылған жаңа жағалауды аралап шықты деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үкімет басшысы ойда жоқта қаладағы жаңадан пайдалануға берілген жағалауды көріп қайтқысы келген. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов премьерге ұзындығы төрт шақырымға созылатын жаңа жағалауды өткен жылы салуға кіріскенін қысқаша мәлім етті.

Тағы оқыңыздар: Есімдерін Назарбаевтың өзі қойған ағайынды үшем ЭКСПО-да жұлдыз болды (фото)

Ресми делегация келген уақытта жағалауда жас жұбайлар жүрген. Олар премьер-министрді байқап қалып, өздерімен бірге суретке түсуге өтініш білдіріпті.  Бақытжан Сағынтаев олардың өтінішін жерге тастамай, суретке түсіп, жас отбасына бақыт тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567490-beytanys-zhas-zhubaylarmen-suretke-tus.html