RU

"Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

«Эйр Астана» компаниясының ұшқышы Амстердам халықаралық әуежайында қанынан алкоголь табылғаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Эйр Астана» әуе компаниясы 2017 жылдың 24 шілдесінде ұшқыш Сұлтан Нұрмағанбетовке қатысты шара қабылданғанын мәлімдейді. Ішкі тексерістен кейін Airbus A 320/321 екінші ұшқышымен еңбек келісімшарты бұзылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Бейтаныс жас жұбайлармен суретке түскен Сағынтаев елді сүйсіндірді (фото)

Естеріңізге сала кетейік, аталған компанияның Амстердамнан шығатын рейсі екінші ұшқыштың қанынан алкоголь табылуына байланысты тоқтатылған болатын. Әуе тасымалдаушының агенттері жолаушылардың билетін 21 шілдеге ауыстырды.

Компания жолаушыларды қонақ үйге орналастырды. Ал ұшқыш айыппұл төлегеннен кейін, Алматыға қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567588-eyr-astana-ishimdik-ishken-qyzmetkerin.html