RU

Келіншек 24 әйел алған бұрынғы діндар күйеуін сотқа берді (фото)

Канадалық әйел бұрынғы діндар күйеуін 25 жылдың ішінде 20-дан аса әйелмен некелескені үшін сотқа берді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джейн Блэкмордың айтуынша, бұрынғы күйеуі, "Иисус Христос" шіркеуінің 61 жастағы көшбасшысы Уинстон Блэкмор 24 әйелге үйленіп, олардан 145-тен астам бала сүйген. Әйелдің сөзінше, діндар көп әйел алушылық әрекетін "құдайдың өзі солай жаса деп" нұсқау бергенімен түсіндіріпті.

Тағы оқыңыздар: "Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

Жоғары сот әйелдің арызын қанағаттандырып, оны куәгер ретінде таныған.

Айта кетейік жергілікті билік Уинстонды, көп әйел алғанды ұнататын Джеймс Олермен 1990 жылдан бері аңдып жүр. Алайда оларға қарсы іс сол күй қозғалмаған. Себебі олардың әркеті заңға қайшы болмапты. Ал 2011 жылы Канадада көп әйел алушылыққа заңмен тыйым салынды.

Енді дін көшбасшысы кінәлі деп табылса, бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567609-kelinshek-24-ayel-alghan-burynghy-dindar-ku.html