RU

Әйгілі футболшы Мбаппені "Реал" клубы сатып алды

Мадридтік "Реал" футбол клубы "Монаконың" 18 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппенні сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды деп жазады sn.kz.

Басылымның хабарлауынша, корольдік клуб Мбаппе үшін 180 миллион еуро төлемек. Оның 160 миллионын француз клубы алдын ала алады. Ал, қалған 20 миллионы Мбаппенің сәтті өнер көрсетуіне байланысты.

Тағы оқыңыздар: "Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

Егер футболшы алдына қойған мақсатты орындай алмаса "Монакоға" 20 миллион еуро берілмейді. Алайда, нақты қандай мақсат қойылғаны ресми айтылған жоқ.

Marca басылымының хабарлауынша, "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданның өзі жас футболшымен және оның ата-анасымен жеке сөйлесіп, Мбаппенің корольдік клубтың сапына өтуіне ықпал еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылшы 6 жылға келісімшартқа отырып, аптасына 135 мың еуро жалақы алады.

Айта кету керек, Килиан Мбаппе "Монако" сапында 58 ойын өткізіп, 27 гол соққан және клубпен бірге Франция чемпионы атанды. Биыл наурыз айынан бері ол Франция ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567668-aygili-futbolshy-mbappeni-real-kluby-s.html