RU

Сағадиев Мұхтар Тайжанмен "жекпе-жекке" шығудан бас тартты

Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде Мұхтар Тайжанмен теледидарда ашық пiкiрсайыс өткізу қызықсыз екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

«Тайжанға келетiн болсақ, мен бұны өзiмнiң міндетім деп есептемеймiн. Маған бұл қызықсыз, сондықтан онымен кездескелi жатқан жоқпын», - деп жауап бердi Сағадиев тiлшiнiң сұрағына.

Естерiңiзге сала кетсек, қоғам қайраткерi Мұхтар Тайжан Бiлiм министрi Ерлан Сағадиевтi ашық пiкiрсайысқа шақырған болатын. Бұған дейiн Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов пен экономист Рақым Ошақбаев осындай ашық пiкiрталасқа шығып, көптеген маңызды мәселенi көтерген едi.

Тағы оқыңыздар: Әділбек Жақсыбеков туған күнін Мәсімовпен бірге өткізіп жатыр (фото)

Ал былтыр Ерлан Сағадиевтi жаңа оқу бағдарламасына көңiлi толмаған Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан баспасөз бетiндегi «жекпе-жекке» шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567672-saghadiev-mukhtar-tayzhanmen-zhekpe-zhekk.html