RU

Бөксесін үлкейту үшін ота жасатқан бойжеткен дәрігерді өлтіріп тастады

Бөксесін үлкейту үшін ота жасатқан бойжеткен дәрігерді өлтіріп тастады. Оған пластикалық хирургтің жұмысы ұнамай қалған. Кісі өлтіруші дәрігердің дәл шекесінен атыпты. Полицияның айтуынша, ол дәрігерден кегін алмақшы болған. Бұл туралы NUR.KZ шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Пластикалық хирург Марселин Соарес Гаманы белгісіз біреулер Риодағы өз пәтерінен сенбі күні ұрлап әкетті. Кісі өлтіруші 49 жастағы әйелдің аяқ-қолын байлап, көлікке салып алған. Келесі көшеде ол дәрігердің маңдайынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Марқұмның мәйіті бірнеше сағаттан кейін табылды.

Тағы оқыңыздар: Келіншек 24 әйел алған бұрынғы діндар күйеуін сотқа берді (фото)

Полицияның айтуынша, Марселинді оның бұрынғы клиенттерінің бірі өлтірген. Дәрігер бөксені үлкейту отасын еш рұқсатсыз жасапты. Әрі осындай отаны жасауға хирургтің кәсіби біліктілігі болмаған. Сонымен қатар, ол отаға сапасы нашар материал пайдаланған. Оның атына ондаған әйел шағым түсіріп, ол бірнеше рет тұтқындалып та үлгерді.

Бірақ ол бостандыққа шыға салып, пластикалық ота жасауды жалғастырып жүрді. Оның туыстарының сөзінше, клиенттері тәуекелге баратындарын білгендіктен, хирургті сәтсіз отасы үшін кінәлай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567688-boksesin-ulkeytu-ushin-ota-zhasatqan-bo.html