RU

Бес жастағы бүлдіршін прокурорға жан айқайын жеткізді (видео)

Педофилді ұрамын деп басы дауға қалған Сәтбаевтағы сержантқа енді елдегі кішкене бүлдіршіндер де араша түсе бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

NUR.KZ редакциясының WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне оқырмандардан бес жастағы балақайдың прокурорға деген жан айқайы айтылған видео жолданған еді.

«Прокурор, полицейді босатыңызшы! Ол мен сияқты кішкентай балаға көмектесті. Біз секілді кішкентайларға көмек керек, ол бізді қорғау керек»,- дейді басына полицейдің фуражкасын киген кішкене бүлдіршін.

Тағы оқыңыздар: "Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

Аталған видео Сәтбаевтағы педофилге қол көтерем деп қамауға алынған полиция қызметкеріне қатысты жазылған. Себебі жас сержант кішкене қызды зорлаған педофилді тергеуші шығып кеткен кезде ұрып-соққаны әлеуметтік желіде тарап, қызу пікір-талас тудырды.

Артынша ашуыға ерік берген тәртіп сақшысы жұмысынан қуылып, қамауға алынған болатын.

Естеріңізге сала кетсек 23 шілде күні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз бала жоғалып кеткен еді. Кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы 50 жастағы педофилдің үйінен тапты.

Артынша күдікті жауап алу кезінде өз кінәсін мойындап, бүлдіршінге қалай арам ойын іске асырғанын айтып берген видеосы да жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567743-5-zhastaghy-buldirshin-prokurorgha-zhan-ayq.html