RU

Медеу Арынбаев көршісімен құда болатынын айтып мақтанды

Әнші Медеу Арынбаев өз көршісімен құда болатынын айтты деп хабарлайды Zhuldyz Tv арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мектеп бітіре салып болашақ қалыңдығымен суретке түсіп, желіні шулатқан Дәулет "көршінің қызына ғашық болып қалған", - дейді әкесі.

Тағы оқыңыздар: Хиджабын шешкен ирандық актрисаның сұлулығы көпшілікті таңғалдырды (фото)

"Не болды сонша, қай жақта жүрсің десем әке алыста емеспін, осында жүрмін деген. Соған қарағанда достасып жүрген қызы алыста емес, көршілес, өзіміздің аулада тұрады. Сол жағы маған жақсы болып жүр", - дейді көршісімен құда болуға қуанған әнші.

Бірнеше жыл бұрын жарынан айырылған әнші балаларымен ашық сөйлесетінін де жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567757-medeu-arynbaev-korshisimen-quda-bolat.html