Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Емші бала Ерболсын: Маған кедергі болып жүрген адамдар ұзаққа бармайды

Опубликовано:

Халықтың қарсылығына қарамастан кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушысы неге ем жүргізуді тоқтатпайды? Атышулы емші бала Ерболсын Серікбаев NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісінің сұрақтарына жауап беріп, өзінің қорқыныштары туралы айтып берді.

Ерболсын Серікбаев бір жылдан бері Ақтөбе қаласында ем жүргізіп жатыр. Ол қазір Ш.Қалдаяқов аялдамасының жанындағы «Аллегро» cауда үйінің үшінші қабатында түстен кейін адамдарды қабылдайды. Емдеу орнын жиі өзгертіп отыратын емші балаға келушілер көп. Емшіден ем іздеп, оны сағаттап күткендердің қатарында балабақша, мектеп қызметкерлерінің де барын көрдік. Демек, халықтың санысы соқыр сенімнен әлі де арылмаған.

Ерболсын дүкенге кіргеннен барлық сатушылармен амандасып шығады. Байқағанымыз, Ақтөбеге келген бір жыл ішінде ол орыс тілін үйреніп алған. Орыс қыздармен әзілдесіп, жылы сөйлеседі.

Емші бала өзі туралы NUR.KZ–ке жарияланған барлық материалдарды оқып отыратынын айтты.

«Мен өзім туралы жазылғандардың барлығын оқимын. Маған сілтемемен жіберіп отырады. Қазір адамдар көп айтып жүрген писхолог Жаннаның айтқандарын да маған жіберді. Мен сілтеме арқылы көрдім. Егер мен ол кісінің ойындағыдай атаққұмар болсам, бұлай болмас еді. Маған Алла осындай дарынды бермесе, мені ауыртпаса, мен адамдарды қарамас едім. Мен туралы сын айтқан Жанна тәте туралы жақсы білемін. Жақсы маман деп естимін. Бірақ, жақсы мамандар өз жұмыстарын жақсы атқарса екен деймін», - дейді Ерболсын Серікбаев.

Тағы оқыңыздар: "Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

Емші баланың өзіне деген бағасы жоғары.

«Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра деген бар. Мен көп жүрдім, көп халықпен араластым. Жүз адамның мінезі жүз түрлі болады. Оларға менің жаным ашып қарайды. Мен өзім ауырып, адамдарды қарап, ерте есейдім. Мен халыққа ем бермесем, өз өзіме сыймай кетемін. Менің ата-бабаларым өлеңдер жазған, молда болған. Мендегі қасиет солардан дарыған болуы мүмкін.

Неге маған бәрі тіреліп қалып жатқанын түсінбедім. Бұрын 3-4 жыл адам қарап, үлкен стадиондарды жалдаған сары әулиелер қазір жоқ болып кетті. Қыдыр аталар бар. Неге оларды да солай шығармайды. Мен ұсақ-түйек, шаң тозаңдарға уақыт бөліп қарайтын адам емеспін. Aқшаны да жақсы көрмеймін. Кім не айтса да мен адам қарауды тоқтатпаймын. Кісілер не айтса да үріп-үріп қояды», - дейді ол.

Емші өзі туралы «Қыдыр атамен бірігіп ем жүргізіп жатыр екен» деген қауесетті жоққа шығарды.

«Ақтөбеде Қыдыр ата деген емшінің бар екенін білемін. Бірақ ол кісіге барып көрген жоқпын. Көптен бері келе жатқан кісілер. Басымызды иеміз. Бірігіп жұмыс жасау ойымда жоқ. Ол кісі өз үмбетімен, мен өз үмбетіммен жұмыс жасап жатырмын. Екеуміз екі түрлі адамбыз. Өмірімде ол кісімен кездесу

жасап көрмеппін», - дейді Ерболсын.

Тағы оқыңыздар: Toyota мінген алматылық азамат Ыстықкөлдегі демалушыларды басып кете жаздады

Емші бала өзі талып қалмауы үшін адам емдеп жүргенін жасырған жоқ.

«Мен шынымды айтайын, егер мен 10 күндей адам қарамай тастасам ауырып қаламын. Демала алмай, аяқ қолым тартылады. Мен адамдарды өзім ауырмас үшін қараймын. Оны басқаша түсінетіндер бар. Ең басында емді сынық салудан бастадым. Ауылда көп кісілердің қолы шығып кетті. Сынықпен айналысып жүріп, емім шарықтады. Өзімнің де жазылып келе жатқанымды білгенде емді тоқтатқан жоқпын.

Халықтың бәрі менің Ақтөбеде екенімді біледі. Жарнама жасамай-ақ халықтың өзі тауып алады. Сабағымды оқимын, арасында емдеймін. Мен дәрігерлік білім алып, ем жүргізуді жалғастыруды армандаймын және мақсат етемін», - дейді Ерболсын.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі футболшы Мбаппені "Реал" клубы сатып алды

Емшілікпен аты шыққан Ерболсынның төрт әпкесі, үш қарындасы бар.

«Өзі ауырмайынша емшіге келген адамдарды ешкім түсінбейді. Қазір олар не болса соны айтып жатыр. Ертең олардың балалары, немерелері не болып туылатынын білмейміз. Олар ауруын дәрігер жаза алмаса, емшілерге әкеледі. Халыққа айтарым, мен сіздерді күшім кеткенше емдеймін. Алдыма кедергі болып жүрген адамдар ұзақ тұра алмайды. Олардың жамандағандары маған күнә болып тимейді. Тек күнә өздеріне болады», - дейді емші бала.

Ерболсын өзінің қорқыныштары туралы да айтып берді.

«Маған емделуге сығандар келді. Мен солардан басында қатты қорықтым. Емге пышақпен кіргендер болды. Олардан да қорықтым. Бірақ, тиіскен жоқ. Пышақтарын ұстап отырып, артынан шығып кетті. Сондай қорқыныштар болмаса, менде басқа қорқыныш жоқ. Маған қытай елінен, Үрімшіден адамдар келеді. Мәскеуден келетін адамдар болды. Орынбор облысы маған түгелдей келіп емделеді», - дейді Ерболсын Серікбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1567935-emshi-bala-erbolsyn-maghan-kedergi-boly/

pixel