RU

Азанның сөздерін өзгертіп тастаған қытайлықтар жаға ұстатты

Қытай билігі Азан мен тәкпірді өзгертіпті. Олар тәспіх пен дұғаны да реформалады деп хабарлайды Abai.kz порталы.

Азан мәтінін өзгерткен Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Хотан аймағының басшылығы екен. Әлеуметтік желіден жеткен мәтіннің қазақ тіліндегі аудармасы мен мазмұны Қытай билігін дәріптеуге бағытталыпты.

Азан:

Біз Отанның перзентіміз,

Біз Отанның перзентіміз.

Отанымыз - Ұлы,

Отанымыз - Ұлы,

Отанымыз - Ұлы.

Намаз уақыты келді,

Тілек тілеуге келіңіздер!

Отанымыздың бейбіт-беркелі болуын тілейік!

Отанымыздың гүлденіп, дамуын тілейік!

Қосымша: Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалды.

Тағы оқыңыздар: Хиджабын шешкен ирандық актрисаның сұлулығы көпшілікті таңғалдырды

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің жергілікті үкіметі аяқ-астынан бұйрық шығарып, отанға оралғысы келген қазақтардың қолындағы шетелге шығуға арналған заңды төлқұжаттарын тартып алып бермей отыр екен. Ал жаңадан өтініш бергендерге төлқұжат жасап бермей, олардың Қазақстанға көшуіне ашық кедергі жасап отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1567982-azannynh-sozderin-ozgertip-tastaghan-q.html