RU

Қырғызстанда ауыл тұрғындары ақша жинап, дүкендегі ішімдіктердің көзін құртты (видео)

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жапалақ ауылының тұрғындары жүздеген сыра мен арақ бөтелкелерінің көзін жойды. Жергілікті тұрғындар елдімекендегі барлық дүкендерден алкогольді ішімдіктерді сатып алып, жүк көлігімен қоқыс тастайтын жерге апарып төкті деп хабарлайды Озодлик радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тіпті бөтелкелер мен сыра банкаларының үстінен бульдозермен жүріп өткен. Осылайша Жапалақ ауылының тұрғындары исламға бір қадам жақындамақшы.

Ауыл дүкендеріндегі барлық алкогольді өнімдерді сатып алуға ауыл тұрғындары 300 мың сом жұмсады. Бұл - 3000 доллар шамасындағы сома. 

Ендігі кезекте Жапалақ ауылында спирттік өнімдер мүлде сатылмайды. Осы ережені бұзған сатушыларға 10 мың сом, яғни 150 доллар айыппұл салынады.

Тағы оқыңыздар: Түркіменстанда президенттің алтын жалатылған ескерткіштері құлатылып жатыр (фото)

Жапалақтықтар бұл шешімге ауыл жиналысында келген. Жергілікті имамдар белсенділердің бастамасын қолдап, басқаларды да алкогольді сусындардан бас тартуға шақырды.

Бұл шешімге себеп ауылда болған жантүршігерлік жағдай. Бұдан бұрын Жапалақ ауылының тұрғыны ішімдікке тойып алып, өз әйелін өлтіріп тастаған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568015-qyrghyzstanda-auyl-turghyndary-aqsha-zhi.html