RU

Ішімдік ішуден бас тартқан депутаттың құлағын жақын досы жұлып алған

Ставрополь қаласындағы Левокумс ауданының 56 жастағы депутаты Матвей Абакумов досымен бірге ішімдік ішуден бас тартқаны үшін құлағынан айырылды деп хабарлайды Haqqin.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Mash телеграм-арнасының мәлімдеуінше, Матвей Абакумов жақын досымен демалып болған соң ертеңіне жұмысқа бару керек екенін ойлап, үйге қайтуға қамданады. Алайда оның 44 жастағы досы Назир Магомедов кештің аяқталуына қарсы болып, депутатқа жұдырық ала жүгірген.

Тағы оқыңыздар: Азанның сөздерін өзгертіп тастаған қытайлықтар жаға ұстатты

Төбелес кезінде үй иесі халық қалаулысының құлағын тістеп, жұлып алады. Матвей мырзаға жедел жәрдем шақыруға тура келген.

Дәрігерлер Абакумовты«Үлкен ақауы бар құлақтың травматикалық ампутациясы» диагнозымен ауруханаға жатқызыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568025-ishimdik-ishuden-bas-tartqan-deputatty.html