RU

Сабақты ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерге үстемақы төленбекші

2019 жылдан бастап ағылшын тiлiнде өтетін пәндердің мұғалiмдеріне 25 пайыз үстемақы төленедi. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілін оқуды бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарда бiлiм алуға кiрiседi. Курстың әртүрлісі, 3, 6 және 9 айлығы бар.

Егер мұғалім 9 айлық курстан өтсе, онда оқытушының жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша ақы төленеді. Жол шығыны да өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса, жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылады», - деді Ерлан Сағадиев.

Тағы оқыңыздар: Азанның сөздерін өзгертіп тастаған қытайлықтар жаға ұстатты

Атап өтсек, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында елiмiзде биылдан бастап 500 сынып ағылшын тiлiнде оқытылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568195-sabaqty-aghylshyn-tilinde-otkizetin-mu.html