RU

ЭКСПО-ны күзетсіз аралаған әйгілі Голливуд жұлдызын елордалықтар танымай қалған (видео)

Астанаға "Еуразия" кинофестиваліне келген голливуд актері, продюссер және режиссер Джон Малкович ЭКСПО халықаралық көрмесі аумағын аралап шықты.

Малкович Астанаға сәрсенбі күні таңертең келді. Сапарының біраз сағатқа созылғанына қарамастан, ол ЭКСПО-ны көруге аттанған. Ең алдымен Малкович қазақстандық павильон "Нұр Әлемге" кіріп, әйгілі шыны көпірден жүріп өтті.

Танымал актердің қасында бірнеше адам ғана жүрген. Жанында күзет байқалмады. Актердің өзі де халықтан дараланбауға тырысты. 

Сондықтан болар, ЭКСПО көрмесінің келушілері сақалды ер адамның "Оскар" жүлдесінің екі дүркін номинанты екенін байқамай қалған. 

Тағы оқыңыздар: Азанның сөздерін өзгертіп тастаған қытайлықтар жаға ұстатты

Малкович Астанада тағы екі күн болады. Бейсенбі, 27 шілдеде актердің баспасөз мәслихаты мен ауруханаға бару жоспарланған. Жұма, 28 шілдеде ол "Еуразия" фестивалінің жабылуына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568212-ekspo-ny-kuzetsiz-aralaghan-aygili-gol.html