RU

Моңғолияның жаңа президенті елдегі олигархтардың есепшотын тексере бастады

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга олигархтарға шетелдік шоттардағы ақшаларын офшорлық аймақтан елдің орталық банкіне ауыстыруға 49 тәулік уақыт берді деп хабарлайды ARD басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Президенттің мәліметінше, Моңғолияның 49 азаматы офшорлық шот ашып алған. Олардың қатарында ел қазынасынан ақша жымқыруы мүмкін деген күдікке ілінген мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлер бар.

Олигархтарға берілген уақыт 24 шілдеде басталған. Бүгінде олар шетелдік шоттардағы ақшаларын Моңғолияның орталық банкі “МонголБанкке” ауыстыру керек. Олай етпеген жағдайда, есепшот және оның иелері туралы ақпарат көпшілікке жария болып, шенеуніктерді елдегі заң бойынша жазаға тартады.

Тағы оқыңыздар: "Эйр Астана" ішімдік ішкен қызметкерін жұмысынан қуып жіберді

Естеріңізге сала кетсек, Моңғолия демократиялық партиясының мүшесі Халтмаагийн Баттулга 8 шілдеде өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Мемлекеттің жаңа басшысы өзіне тиесілі резиденцияда тұрудан бас тартқан және үнемі жаяу жүреді. 

Президент әкімшілігі өзге шенеуніктер де елбасынан үлгі алып, артық сән-салтанаттан бас тартады деп үміттенеді. Баттулга өзін антиолигарх ретінде көрсетсе де, қазірде ол Моңғолияның ең бай адамдарының көшін бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568250-monhgholiyanynh-zhanha-prezidenti-eldegi-o.html