RU

Аптап ыстық: Алдағы үш күнде ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылайды

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарында аптап ыстық болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Бұл Иран аумағынан ауған құрғақ желмен байланысты. Ауа температурасы күндіз +33-39, кей жерлерде тіпті 45 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.

Бірақ ауық-ауық аспанды бұлт торлап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Мұндай құбылыс негізінен Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда болады деп болжануда.

Тағы оқыңыздар: Тәжікстанда артық салмағы үшін жұмыстан шыққан полицейлер арықтаған соң қайтып келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568491-aptap-ystyq-aldaghy-ush-kunde-aua-temper.html