RU

Атышулы емші Ерболсын өзіне келіп емделушілерді "үмбеттерім" деп атады

Бір жылдан бері Ақтөбеде ем жүргізіп жүрген емші бала Ерболсын Серікбаев көпшілікті таңғалдыруын қояр емес. Ол өзіне келіп ем қабылдаушыларды "үмбетім" деп атап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ порталына берген сұхбатында Ерболсын ақтөбелік тағы бір емші "Қыдыр атамен" бірігіп ем жүргізіп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды. Ол өзінен ем алып жүргендерді "үмбеттерім" деп атады.

«Ақтөбеде Қыдыр ата деген емшінің бар екенін білемін. Бірақ ол кісіге барып көрген жоқпын. Көптен бері келе жатқан кісілер. Басымызды иеміз. Бірігіп жұмыс жасау ойымда жоқ. Ол кісі өз үмбетімен, мен өз үмбетіммен жұмыс жасап жатырмын. Екеуміз екі түрлі адамбыз. Өмірімде ол кісімен кездесу жасап көрмеппін», - деген Ерболсын көпшіліктің сынына ұшырап үлгерді.

Тағы оқыңыздар: Әртіс таңдауы: Шоу-бизнесте кімнің жұбайы әдемі?

Порталда жарияланған материалда оқырмандар "үмбет" сөзін орынсыз қолданған емші балаға тым артық кеткенін есіне салды.

"Өз үмбетім бар" деген сөзің тым артық. Өзін-өзі пайғамбарға теңеп отыр ма?",  "Құдай сақтасын бұндайлардан. Біз пайғамбардың үмбеті болып жүре берейік", - деген пікір қалдырған оқырмандардың көпшілігі.

Ол өзіне тиіскендердің бұрындары стадион толы халыққа ем жүргізген сары әулиеге тиіспейтініне таңданады.

"Неге маған бәрі тіреліп қалып жатқанын түсінбедім. Бұрын 3-4 жыл адам қарап, үлкен стадиондарды жалдаған сары әулиелер қазір жоқ болып кетті. Қыдыр аталар бар. Неге оларды да солай шығармайды? Мен ұсақ-түйек, шаң тозаңдарға уақыт бөліп қарайтын адам емеспін", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568581-atyshuly-emshi-erbolsyn-ozine-emdelushi.html