RU

Күйеуінің көзіне шөп салғанын естіген әйел балаларын атып тастады

36 жастағы Джессика Эденс күйеуінің жұмыстас әйелмен көңіл қосып, отбасын тастап кеткеніне шыдай алмай, өзінің екі баласын атып өлтірді деп хабарлайды Life.ru.

Тоғыз жастағы Хайден мен бес жасар Харперді анасы тапаншамен атып тастаған. Содан соң, өзінің бұрынғы күйеуіне телефон  шалып, кейін өзіне қол жұмсайды.

Тағы оқыңыздар: Атамбаевқа сұрақ қойған журналист жұмысынан қуылды

Джессиканың құрбандары мұнымен аяқталмайды. Сүйген жарының опасыздығына шыдамаған ол күйеуінің ашынасы, 28 жастағы Мередит Рехмені де атып тастайды. Марқұмға өлер алдында қоқан-лоққы жасаған түрлі хаттар келіпті. Полицияның пікірінше, бұл хаттарды Джессика жазған.

Куәгерлердің айтуынша, күйеуімен ажырасу процесі басталған бетте-ақ, Джессика барлығын бейбіт жолмен шешуден бас тартыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568713-kuyeuininh-kozine-shop-salghan-estigen.html