RU

Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты (видео)

Алматы облысында ұшақ құлады. Аталған оқиға Жаркенттен 10 шақырым жерде болған. Бұл туралы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Орын алған апат туралы ақпаратты Азаматтық авиация комитеті растады.

"2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатыр. Тергеу басталды", - деп мәлімдеген комитеттегілер Tengrinews.kz сайтына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568814-almaty-oblysynda-ushaq-qulap-eki-adam-q.html