RU

Меккеге барып келсе де ішімдікті тастамаған қажылар көпшіліктің сынына ілікті

Алдағы келе жатқан ұлық мереке — Құрбан айт тұсында Мекке-Мәдинада болып, қажылық парызын өтеуге әркім-ақ құштар екені белгілі. Барып қайтқандар көңілін бір демдеп, қажыға тән насихаттарын айтып та жүр. Тіпті қатарынан бірнеше мәрте барып келгендер бар.

Осы орайда біз Меккенің жүзін көріп келген қайсыбір қажылардың теріс қылықтары жөнінде айт­сақ дейміз. Яғни сындай бір жандардың арақ ішіп жүргенін талай көрдік деп жазады "Замана" басылымы.

Мәселен, ел танитын атақты кәсіпкер араққа салынып жүрген жақынын қаржысын өз қалтасынан төлеп Меккеге жіберген еді, бірақ әлгі туысы бүгінде анда-санда болса да арақ ішіп көзге түсіп жүр.

Тағы бір мысал, осыдан төрт-бес жыл бұрын күйеуімен ажырасқан бойдақ келіншек қажылыққа барып қайтқан болатын. Негізінен қажылыққа некесіз әйелдің баруына жол берілмейді, жол-жөнекей болса да біреумен мұсылманшылық жолмен некеге туруы керек деп естиміз. Ал әлгі бойдақ келіншек ол жаққа некеге тұрып барды ма, жоқ па – ол жағын біз білмейміз. Білетініміз – ол қазір бұрынғыша той-тойлап, арағын ішіп жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: АҚШ мұсылмандарын атышулы Трамп не үшін алаңдатып отыр?

Таяуда бір отбасының келін түсіру тойы мен құда күту рәсімдерінде асаба жігіт жасы алпысқа келсе де соңғы модамен киініп, денесін ашық-шашық ұстаған бір әйелді қажы деп таныстырды. Ол адам әйел де жосықсыз ішу мен тоңқалаңдап билеуден кенде болмай шықты. Ол билеп жүріп бір бума 2 мың теңгеліктерді жұрттың төбесінен асыра шашты. 

"Қазір қажылыққа бару еріккеннің ермегіне айналып бара жатқан сияқты. Ендеше бұған тосқауыл қою үшін не істеу керек? Мәселе осында жатыр. Ал оның түбі жергілікті ішкі саясат пен дін істерімен айналысатын орындарға келіп тіреледі. Егер олар жергілікті атқару орындарымен және мешіт имамдарымен бірлесе сұрыптап рұқсат беріп отырса, бұл келеңсіздіктер орын алмас еді деп ойлаймыз", - деп түйіндеді сөзін мақала авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1568844-mekkege-baryp-kelse-de-ishimdikti-tast.html