RU

Қостанайда діни қауым мүшесі оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Қостанайда 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен "Источник жизни" христиан шіркеуінің мүшесі сотталды, деп хабарлады дін мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық орталыққа сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Тыйым салынған байланыс ойда жоқта әшкере болған. Қылмыскермен бірге тұратын әйел оның телефонындағы хат-хабарларды қарап отырып, ол қыздың жақын құрбысының жиені, Қостанай мектептерінің бірінің 9 сынып оқушысы екенін таныпты.

Қостанай облысы дін істері бойынша басқармасының қызметкері Сапарғали Әбдиевтің сөзіне сүйенсек, қылмыскер "Источник жизни" шіркеуінің келушісі, жасөспіріммен сонда танысса керек, өйткені оның анасы да сол шіркеуге барып тұрады екен.

Тағы оқыңыздар: Әсет Исекешев лауазымды тұлғаларға қоғамдық көлікпен жүруді міндеттеді

"Шіркеудің хабарлауынша, айыпталушы Батырбеков аластатылған және діни қауымның негізін салушылар мүшелігіне кірмейді. Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, өйткені жыныстық қатынас екеуара келісіммен болған, сондай-ақ айыпталушы кінәсін толығымен мойындады", - дейді Әбдиев.

Сонымен, сотталушы үкім бойынша 140 мың теңге айыппұл төлеп, екі жылға бас бостандығы шектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569177-qostanayda-dini-qauym-mushesi-oqushy-qy.html