RU

СІМ: Мысырда жоғалған студенттер арнайы операция барысында тұтқындалуы мүмкін

Сыртқы істер министрлігі Мысыр тарапы ұсталған қазақстандық студенттер туралы әлі тыс жармай отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Отандастарымыздың жағдайына қатысты мысырлық тараптың құқық қорғау ұйымдары әлі ресми ақпарат бермегенін, олардың қайда екенін мәлімдемегенін хабарлаймыз. Мысырлық ресми биліктің сендіруінше, олардың дені сау және қауіпсіз жерде. Қазақстанның Каирдегі елшілігі биліктің аталған жайтты түсіндіруін талап етуде", - деп жазды Facebook парақшасында СІМ-нің өкілі Әнуар Жайнақов.

Ресми емес ақпараттардың дерегі бойынша, ел территориясындағы теракты сериясынан кейін қазіргі таңда Мысырда ұлттық қауіпсіздікке түрлі себептермен қауіп төндіруі мүмкін тұлғаларды құрықтау үшін арнайы операция жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты (видео)

Осыған орай, елшілік Мысырда жүрген қазақстандық азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазақстанның СІМ Мысырдағы отандастарымыздың тағдырын арнайы бақылауда ұстап отыр. Бүгін Қазақстанның Каирдегі елшілігі осы мәселе бойынша Мысырдың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездеседі", - деп хабардар етті Жайнақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569272-sim-mysyrda-zhoghalghan-studentter-arna.html