RU

БАҚ: Ыстамбұлда Қазақстан мен Түркия ұшағы соқтығысып қалды

Ыстамбұл әуежайында Қазақстан мен Түркия ұшақтары соқтығысып қалды. Нәтижесінде, Turkish Airlines компаниясына қарасты әуе кемесінің артқы бөлігі зақымданды деп хабарлайды Haber7  сайтына сілтеме жасаған Риа Новости.

Ақтауға бағыт алған қазақстандық Scat әуекомпаниясының ұшағы Ыстамбұл әуежайында жерлете жүріп келе жатқан. Сол сәтте түркиялық әуе компанияның  ұшу жолағындағы ұшағының артқы бөлігі зақымданған.

Тағы оқыңыздар: Саясаттанушы президент маңайында билік үшін күрестің қалай жүріп жатқанын айтты

Осыдан соң, түркиялық әуе лайнердегі 286 жолаушы Тайбэйге өзге ұшақпен ұшып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569418-baq-stambulda-qazaqstan-men-turkiya-ush.html