RU

АҚШ әскерилері Қытайға қарсы ядролық қару қолдануға дайын

"Қажет болған жағдайда Қытайға қарсы ядролық қару қолдануға дайынбыз", - деді АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының қолбасшысы Скотт Свифт. Бұл туралы QazaqTimes.kz хабарлайды.

Австралия мен АҚШ бірлесіп өткізген әскери оқу-жаттығу жұмыстарынан кейін өткізген дөңгелек үстелге қатысушылардың бірі қойған «Сіз Қытайға ядролық қару қолдан деген бұйырық келсе орындайсыз ба?» - деген сұраққа Скотт Свифт: «Иә, біз ел президентінен осындай бұйырық келетін болса, оны орындауға қашанда дайынбыз. Себебі АҚШ әскерінің әр бір сарбазы бас қолбашыға қызмет етуге ант берген» - деп жауап берген.

Қазіргі таңда Уашингтон мен Бейжің қарым-қатынасы өте қиын жағдайда. Өткен аптада Қытай ұшақтары осы айда үшінші рет Оңтүстік Қытай теңізі аумағына өтіп кеткен АҚШ ұшағын ұстаған. Шілде айының басында Қытай АҚШ-ты Сиша аралдары орналасқан даулы аймаққа өз кемелерін кіргізу арқылы ел тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, халықаралық келісімдерді бұзды деп айыптаған болатын.

Ал Дональд Трамп үкіметі Солтүстік Кореяға қатысы бар бірқатар  қытайлық банктер мен компанияларға санкциялар дайындап жатқандығын мәлімдеген еді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569447-aqsh-askerileri-qytaygha-qarsy-yadrolyq.html