RU

Қазақстанның бюджетін толтыртып отырған негізгі бес аймақ белгілі болды

Биылғы жартыжылдықта Қазақстан бюджетін толтырған негізгі бес аймақ белгілі болды деп хабарлайды Астана арнасы.

energyprom.kz порталының ақпаратынша, мемлекет қазынасына түсетін салықтардың 60 пайызы осы аймақтарға тиесілі. Олар Алматы, Астана қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары.

Жартыжылдықта барлығынан баса озған әдеттегідей - Алматы. Қала қазынаға 823,8 млрд теңге пайда әкелген. Атырау облысы мен Астана қаласынан 450 миллиардтай теңге түскен. Ақтөбе мен Қарағандының салықтан түсірген пайдасы 165 миллиард теңге шамасында.

Тағы оқыңыздар: АҚШ әскерилері Қытайға қарсы ядролық қару қолдануға дайын

Мұнайға жатпайтын саладан түсірген елдің табысы бес триллион теңге. Бұл 21 пайызға артық. Оның 3,2 триллионы салықтық түсім. Қазынаға қаражаттың 2,2 триллион теңгесі табыс салығынан, қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан түскен.

Жұрт үй салығына 115,8 миллиард теңге, көлігі үшін 24,6 миллиард теңге салық төлеген. Салықшылар жоспарды 120,2 пайызға артығымен орындаған. Өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсім 400 миллиард теңгеге, яғни 14 пайызға артық. Ал жылдың аяғына дейінгі жоспар қазынаға 6,7 триллион теңге табыс әкелу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569699-qazaqstannynh-byudzhetin-toltyrtyp-oty.html