RU

Ауыр дертке шалдыққан балалармен кездескен Голливуд жұлдызы өзін қоярға жер таппады (фото)

Голливуд актері Джон Малкович Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті. "Оскар" сыйлығының номинанты балалардың өзі және шығармашылығы туралы сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен ауруханаларда көптеген бала көрдім, бірақ ешқашан дәл осылай кездескен емеспін. Бүгін менің жүрегім езіліп кетті. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Өмір кейде осылайша әділетсіздік танытады. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Мен барлық балалардың сауығып, балалық шақтарына оралуын тілейін", — деді Джон Малкович.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның бюджетін толтыртып отырған негізгі бес аймақ белгілі болды

Актер әзірге немерелерінің жоқ екенін, ал балаларының әкесінің жолын қумағанын айтты. Малковичтің қызы – аспаз, ал ұлы бояулы мотоциклдар жасаумен айналысады.

Сондай-ақ, Малкович өзінің балаларға арналған сүйікті фильмі туралы сұраққа жауап берді.

"Өкінішке орай, мен балаларға арналған өте аз фильмдерге қатыстым. Мәселен, мен "Мадагаскар Пингвиндері" мултьфильміндегі өзімнің сегізаяқ рөлімді жақсы көремін. "Тышқандар мен адамдар туралы" фильміндегі рөл ұнады", — деп бөлісті актер.

Балалар мен олардың ата-аналары актерден оның армандары, Астана туралы әсері, сондай-ақ Қазақстан туралы кино түсіргісі келіп-келмейтіні туралы сұрады.

"Мен қазақ мәдениеті туралы фильмді қуана түсірер едім, бірақ меніңше, оны қазақстандық режиссерлер жақсырақ түсіретін секілді", — деді Джон Малкович.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569714-auyr-dertke-shaldyqqan-balalarmen-kez.html