RU

Дана Нұржігіт үйлену тойын Астана төрінде дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Жуырда екінші рет тұрмыс құрған Дана Нұржігіт пен жары Мұрат кеше елорда төрінде дүркіретіп үйлену тойларын өткізді деп хабарлайды NUR.KZ. 

Тойға жұбайлардың туыстары мен достары, Дананың әріптестері мен шоу-бизнес өкілдері келген.

Осы күнді көптен күткен тележүргізушінің жақындары Дананың өз бақытын тапқанына қуанышты екендерін білдіріп, ақ тілектерін жазып әлеуметтік желіге үйлену той салтанатынан суреттер салды.

Маржан Арапбаева да Дананың бақытын тапқанына қуанышты екенін жазып, үйлен тойда жұбайларды құттықтап, әннен шашу шашқан.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде өгей қызына бір жыл бойы зорлық көрсеткен азғын сот алдына келді

Еске салсақ, Дана Нұржігіттің жақында ғана құдалық рәсімін өткізгеніне хабарлаған болатынбыз. Тележүргізуші шымкенттік Мұрат есімді бизнесменмен шаңырақ көтерді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569751-dana-nurzhigit-uylenu-toyyn-astana-tor.html