RU

Алла Пугачева немересінің үйлену тойына танымал қазақ актерін шақырды (фото)

Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков сүйіктісі Алена Красноваға үйленді. Той 27-ші шілде күні Мәскеудегі «Жаворонки» ивент-холлында өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тойға 150 адам шақырылған. Алла Пугачева немересінің тойына күйеуі Максим Галкин мен екі баласын ертіп келді.

Тағы оқыңыздар: Дана Нұржігіт үйлену тойын Астана төрінде дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Сондай-ақ, кештің құрметті қонақтары Филипп Киркоров, Александр Буйнов, Юдашкиндер отбасы мен Дмитрий Колдун болды.

Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев те жарымен бірге әріптесі Никитаның тойының құрметті қонақтарының қатарында болды.

Жас жұбайлар келген қонақтарды ерекше билерімен таңғалдырды.

Тағы оқыңыздар:Елді шулатқан Қазақстандағы атышулы бес қылмыскер кімдер?

Еске салсақ, бұған дейін Никита Пресняков қазақстандық Аида Қалиевамен жүріп, тіпті оған үйленуге ұсыныс жасаған. Бірақ, 2014 жылы жастар айырылысып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569834-alla-pugacheva-nemeresininh-uylenu-toy.html