RU

Пәкістанда 17 жастағы қызды ата-анасының көзінше жиырма жігіт зорлаған

Пәкістанның Мултан қаласында ауылдық кеңестің үкімімен жиырма жігіт 17 жастағы бойжеткенді жабылып зорлап тастады. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Ауылдық кеңес қыз зорлаған жігітті жазалау үшін оның 17-дегі қарындасын зорлауға бұйрық берген. Жиырма жігіт жалғыз бойжеткенді ауыл тұрғындары мен ата-анасының көзінше зорлаған. Қызды мұнша қорлауға себеп болған оның ағасының 12 жастағы қызға зорлық көрсетуі", -деді жергілікті полицейлердің бірі.

Тағы оқыңыздар: АҚШ әскерилері Қытайға қарсы ядролық қару қолдануға дайын

Бүгінде полиция қыз зорлаған 20 адамды толығымен ұстады. Мұндай зорлық оқиғасына алғаш рет модель ретінде таныла бастаған Мұхтар Май тап болды. Ол өз ағасының басқаға зорлық көрсетуі салдарынан ауылдық кеңестің қатаң үкімін орындауға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569858-pakistanda-17-zhastaghy-qyzdy-ata-anasyny.html