RU

Ақтөбеде үш миллионға жасалған өңірлік бренд желіде мазақ болды (фото)

Ақтөбе облысының жаңа брендіне жұмсалған қаржы тұрғындардың ашуына тиді. Желі қолданушылары бренд белгісін дайындауға 3 000 000 теңге жұмсалғанын естіп, әкімдік жұмысын күлкіге айналдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өңірдің ішкі және халықаралық аренадағы имидждік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру мақсатында Ақтөбенің бренді дайындалған болатын.

Тағы оқыңыздар: Алла Пугачева немересінің үйлену тойына танымал қазақ актерін шақырды (фото)

«Ақтөбе дегенде көз алдыңызға не келеді?» деген сұраққа жауапты жаңа брендпен елестетпек болған жергілікті билік көп шығынға батқанға ұқсайды.

 

Бренд жасау шығыны - 3 000 000 теңге. Қошқар мүйіз тәрізді оюланған «а» әріпі қызыл, қызғылт және сары түстермен безендірген.

Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова көпшілік алдына жаңа брендтің ұзақ таңдау және жоғары талғаммен жасалынғанын мақтанышпен айтқан еді. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, қызыл түс көшбасшылықтың, сары түс кең даланың белгісін білдіреді.

Тағы оқыңыздар: Тәртіп бұзған алматылық бай бойжеткен полицейді "жұмысынан қуам" деп қорқытты (фото)

Халықаралық талапқа сай жасалынды деген жаңа брендті "Асыл арна" арнасының белгісіне ұқсатып жатқандар да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569921-aqtobede-ush-milliongha-zhasalghan-onhirl.html